Skip to content Skip to footer

Фольклор жəне қолжазба бөлімінің меңгерушісі

Əдебиет тарихын зерттеуші, ғалым, фольклортанушы, мəтінтанушы. М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер
институты Фольклор жəне қолжазба бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Тоқтар Кесімұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлттық мәдени мұраны жинау, сақтау, жариялау, зерттеу жұмыстарына арнады. Ғалымның әдебиеттану, фольклортану, қолжазбатану, текстология, библиография салалары бойынша жарық көрген еңбектері отандық, шетелдік ғылыми, мәдени ортада кеңінен танымал. Әсіресе 100-томдық «Бабалар сөзі» сериясы, 10 томдық «Дала фольклорының антологиясы», «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» сынды бірегей басылымдарды әзірлеудегі ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі – ұлттық мәдени мұраны сақтау-насихаттау ісіне қосқан сүбелі үлес.

Ұзақ жылдар бойғы ғылыми еңбектің нәтижесі Т.Әблеков қаламынан шыққан 3 монография мен 3 зерттеу еңбегі, 1 оқулық, 300-ге жуық ғылыми-зерттеу мақалаларында көрініс тапты. Зерттеуші сонымен бірге 100-ге жуық ғылыми-көпшілік кітаптарды баспаға дайындау ісіне басшылық етіп, редакторлық жасады. Фольклор, халық шығармашылығы тақырыптарын тереңнен қаузай зерттеу бағытында шәкірт тәрбиеледі.

Соңғы уақытта ғалым «Қолжазба және мәтінтану» ғылыми-инновациялық бөлімінің басшысы ретінде көне мұраны цифрландыру жұмысын қолға алып, үлкен жоспарлар құрған еді. Ғылымның адал сарбазының есімі әріптестерінің, рухани қазынаға жанашыр қауымның жадында мәңгі сақталады.

Discover Your Next Book

The Story About Me
Drew Berrymore
$9.00 – $19.00
A Banquet of Mouse
Richard Mann
$12.00 – $18.00
The Forest
Karen Perry
$8.00 – $15.00
Let the Sun Shine
Richard Mann
$24.00
Lonely Man in White Hat
Burt Geller
$10.00 – $19.00
The Son
Burt Geller
$12.00 – $21.00